Блог статистикасы
195
Жазбалар
3165
Өтініштер
138771
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Ереже

"Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 14 қаулысы.

Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 12 ақпанда № 5369 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 05.05.2016 № 79 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы

     Қ. Садуақасов

 

Әкімдіктің      

2015 жылғы 12 қаңтардағы
                                                                                                                                  № 14 қаулысымен
                                                                                                                                            бекітілген

                 

                                                                                                                                                                                                                                

"Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде әкімдіктің барлық құрылымдық бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) ауыл және ауылдық округ әкімдерінің, жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдары жұмысын зерделеу және талдау;
      2) аудан әкімдігінің және әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жарықтандыру, сонымен бірге "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ресми сайтын қолдау және дамыту;
      3) әкімнің шешімдері мен өкімдері, әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу, әділет органдарында тіркеу, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
      4) аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде, сонымен бірге ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атқарушы тәртіп жағдайын талдау;
      5) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, әкімдіктің отырысын, кеңестер, семинарлар және өзге де іс-шараларды дайындауды ұйымдастыру мен өткізу;
      6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдарының, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілерін орындауын бақылауды жүзеге асыру;
      7) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс қағаздарын жүргізу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құпия іс қағаздарын жүргізу;
      8) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және қызметтік құжаттарың мен қарау;
      9) басшылықпен азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;
      10) мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шараларды қолдану;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ішкі бақылауды және сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      12) "электронды үкімет" бағдарламасын қолданысқа енгізу және іске асыру, ақпараттық теңсіздікті төмендету және ақпараттық технологиялармен байланысты басқа да мәселелер бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      13) грамоталармен, мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындау;
      14) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындау бойынша "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
      15) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;
      16) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      2) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау жөніндегі уәкілетті органға сәйкес ақпаратты ұсыну;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен басшылықты "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы жүзеге асырады.
      19. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Меңдіқара ауданының әкімімен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер шараларының қабылданбауына дербес жауап береді;
      3) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, құрылымы және штаттық саны туралы ұсыныстарды әзірлейді және оларды бекітуге енгізеді, еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілер мен өзге де қызметкерлерге материалдық ынталандырулар (сыйақылар), қосымша төлемдер белгілейді;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкелерін тағайындайды, лауазымнан босатады, тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      5) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      6) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкелері міндетті түрде орындауға тиісті бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;
      7) құзіреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      8) "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкелерін іссапарларға жібереді;
      9) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады;
      10) өз құзыреті шегінде "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ақшалай қаражаттарын басқарады, қаржылық құжаттарға қол қояды;
      11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттілікті орындайды.
      "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
      21."Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

хат жіберу