Блог статистикасы
195
Жазбалар
4889
Өтініштер
190864
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық

Мендықара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесілерді хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 шілдедегі № 262-VІ 

Заңына сәйкес (одан әрі – Заң) жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жүргізу қарастырылған.

Заңның 57-3 бабына сәйкес, егер салықтөлеуші жеке тұлға 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптасқан 2018 жылға арналған жер және мүлік салығынан басқа берешегін өтесе, ол салықтық берешек болып танылмайды, бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте салық төлеушінің жеке шотында 2019 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан өсімпұл оны төлеу күніне дейін есептен жойылуға жатады. Осы арада өсімпұл тек берешегі төленген салық түрі мен өзге де бюджет төлеміне жойылады.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуде тұрған және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға, таралмайды, тек аталған тұлғалардың салықтық міндеттемесі кәсіпкерлік қызметке жатпаған кезде жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе білікті медиаторлардан басқа. 

Жеке шотта он бес жылдан артық жатқан 2019 жылдың 1 қаңтары жағдайына қалыптасқан, сондай-ақ уәкілетті органмен бекітілген тәртіпте жойылуға жататын берешек соммасы, сондай-ақ осы қарызға есептелген өсімпұл оны төлегенге дейін  салықтық қарыз болып танылмайды және бюджетке енгізілмейді.

Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуде тұрмаған және жеке тәжірибемен айналыспайтын, салықтық міндеттемесі бар кәсіпкерлік қызметке жатпайтын жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат немесе білікті медиаторлар қатарын жатпайтын салықтөлеуші жеке тұлғаларға таралады. 

Осыған байланысты берешегі бар барлық азаматтарды есептелген өсімпұл соммасын жою іс-шарасының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамыз.

хат жіберу