Блог статистикасы
195
Жазбалар
4887
Өтініштер
190451
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып ал!" ақциясына қатысып смартфонды ұтып алыңыз

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясына қатысуда. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізуде.

Бүгінгі таңда Қостанай обласында бес женімпас.

Науқан кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты - азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

 «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді.

Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.

 

Медыкара ауданы  бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы

хат жіберу