Блог статистикасы
195
Жазбалар
4886
Өтініштер
190329
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Өз карточканды алаяқтарда қалай сақтау қажет

Қостанай облысында төлем карталары арқылы жүргізілетін төлемдердің озыңқы өсуі байқалады.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына біздің аймақтағы төлем карталарын ұстаушылардың саны 598 мың адамды, ал төлем карталардың айналымдағы саны 686 мың бірлікті құрады.

2018 жылы төлем карталары бойынша жалпы айналым 603 млрд. теңгені құраған, оның 98 млрд. теңгесі немесе 12 млн. транзакциясы қолма қол ақшасыз төлемдер. Төлем карталар арқылы есептің орташа чегі 8140 теңгені құрады, ал 2017 жылы – 7836 теңге болатын.

Жалпы, 2017 жылмен салыстырғанда, сомасы бойынша төлемдердің көлемі 1,6 есеге, транзакция саны бойынша 1,5 есеге өссе, қолма қол ақшаны алу бойынша, сәйкесінше, 20% және 15%-ға өскен. Нәтижесінде, бір жылда қолма қол ақшасыз төлемдердің үлестік салмағы 12,8%-дан 16,2%-ға дейін өскен. Сөйте тұра, 2018 жылдың қараша, желтоқсан айларында үлестік салмағы 19%-ға дейін көтерілген болатын.

Айта кету керек, бүгінгі күні төлем карталары арқылы қолма қол ақшасыз төлемдердің жартысынан көбі интернетте жүргізіледі. Коммуналдық қызмет үшін, міндетті төлемдер немесе кәдімді мобильді телефонның теңгерімін толықтыру болсын - онлайн-транзакциялар көп уақытыңды үнемдейтіні сөзсіз.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтарының әрекеттерінен жылда мыңдаған қазақстандықтар азап шегуде. Жиі кездесетін себептер – төлем карталарын ұстаушылардың өздерінің мұқиятсыздығы мен жеке деректерін сақтаудың қарапайым әдістерін білмеуі.

Ұлттық Банк мамандарының беретін бірнеше ақыл-кеңестері мұндай жағдайларға ұшырамауға көмегін тигізеді. Интернет – алаяқтардың құрбаны болмас үшін бірнеше қарапайым қағидаларды ұстаныңыз:

  • өз компьютеріңіз бен мобильдік құрылғыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (өз картаңыз бен шоттарыңыз бойынша интернет-операциялар жүргізу кезінде веб-сайттардың ресми емес терезелері, вирусқа қарсы қорғаныс, оларды кезең-кезеңмен ауыстыра отырып, күрделі құрама парольдер және компьютер мен мобильдік құрылғыда жеке деректерді ашық түрде сақтамаңыз);
  • Интернет желісінде дербес және банктік деректерді жарияламауға тырысыңыз (форумдар, әлеуметтік желілер және т.б.);
  • бейтаныс адамдардың телефон қоңыраулары мен электрондық почталарына сенбеңіз, оларға өзіңіз туралы, өз отбасыңыз немесе өз ұйымыңыз туралы айтпаңыз;
  • Интернет желісі арқылы зат сатып алсаңыз, сіз таңдаған сайттың шын мәнінде интернет-дүкенге тиесілі екеніне және оның мекенжайы http://-ден емес https://-дан басталатынына көз жеткізіңіз;
  • беймәлім немесе күдікті мекенжайлардан келіп түскен электрондық хаттарды ашпаңыз. Хатта сіздің шотыңызға, карт-шотыңызға қандай да бір сома есептелді немесе сіз интернет-байқаудың жеңімпазы болдыңыз немесе кездейсоқ сандар жүйесі арқылы сізге таңдау түсіп, сол себепті сізге ақшалай жүлде аударылды деген хабар болса да ашпаңыз;
  • электрондық почта, әлеуметтік желілерде немесе SMS бойынша күмәнді дереккөздерден жіберілген сілтемелерге ауыспаңыз;
  • мейрамхана немесе дүкендерде төлем жасаған жағдайда өз картаңызды кассирге немесе даяшыға берген кезде өзіңіздің банктік картаңызды көз жазбаңыз; өз түбіртегіңізді банктік шоттағы өзгерістермен салыстырып тексеріңіз;
  • өз шоттарыңыз бойынша банктердің мобильді қосымшаларындағы есептерді бақылап отырыңыз;
  • пин-кодтарды карточкалармен бірге сақтамаңыз.

Кеңес алу, түсініктемелер үшін, сондай-ақ Сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді бұзған жағдайда, ҚР Ұлттық Банкінің Қостанай филиалына Қостанай қ., Баймағамбетов көшесі, 195 мекенжай бойынша, 99-09-19, 99-09-20 тел., е-mail kost_80@nationalbank.kz арқылы, сондай-ақ «НБК Online» мобильді қосымша арқылы хабарласуыңыз қажет.

хат жіберу