Блог статистикасы
195
Жазбалар
3378
Өтініштер
146568
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости Мендыкаринского района

«Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 111300, Боровское ауылы, Королев көшесі, 5, 302-каб. анықтама үшін телефондары: 8(71443)2-40-22, 2-43-38 (факс), электрондық мекенжайы: mendikara@кostanay.gov.kz., «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Меңдіқара ауданы әкімінің көмекшісі (санаты Е-3, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты               102 466 теңгеден 138 214 теңгеге дейін.

       Функционалдық міндеттері: аудан әкіміне оның ведомстволық бөлімшелерінің жұмысына барлық шарада көмек көрсетеді. Аудан әкімнің жұмысын бір айға, бір аптаға жоспарлау.Аудан әкімінің жаңындағы, апта сайын өтетін және өзге де кеңестерге аудандық қызметтер, мемлекеттік мекемелер басшыларының қатысуын қамтамасыз ету. Кеңестерге, лездемелерге, терроризмге қарсы комиссияның, әкімдіктің отырыстарына, ақпараттық материалдар, слайдтар, тұсаукесер, баяндамалар, түсініктеме жазбалар, сөйлейтін сөздер, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау. Жоғары тұрған органдар шешімдерінің, мәслихат шешімдерінің орындалуын бақылауда әкімге ұйымдастыру-техникалық көмек көрсету. Аудан әкімінің атына түскен және оның қолы қойылып шығарылған құжаттармен жұмыс жасайды, олардың өтуі мен орындалу мерзімін бақылауды және халықпен кездесулерде әкім берген тапсырыстардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету. Аудан әкімінің блогына түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Шешімдер мен өкімдерің орындалу барысы туралы анықтамалар сұрату.       Аудан әкімі өткізетін кеңестерді ұйымдастырудың дайындығын қамтамасыз етеді, аудан әкімінде күнделікті кеңестердің хаттамаларын жүргізу. Аудан әкімінің тапсырмаларын орындаушылардың назарына жеткізеді, олардың іске асырылуын бақылайды, орындалуын талдайды және әкімге хабарлау. Құпия іс жүргізуді жүргізуге және құпия режиміне бақылауды жүзеге асыру. Аудан әкімінің, аудан әкімі аппараты басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар: білімі жоғары: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, техникалық ғылымдар және технологиялар,                ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

         4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі:

-       Қазақстан Республикасының Конституциясын;

-       «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан

Республикасының конституциялық заңы;

-       «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»;

-       «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»;

-       «Әкімшілік рәсімдер туралы»;

-       «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»;

-       «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»;

-       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және

өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;

-       Қазақстан    Республикасы    Президентінің       2015      жылғы    29

желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) бiлуге.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдер.

         Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі (бұдан әрі – Қағидалар).

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде және «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интеграциялық ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері ішкі конкурс құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі, құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар     әңгімелесу   процессінде    кандидаттарға   сұрақтар

қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін

тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе

оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

09.10.2018ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

     

Мені________________________________________________________
_________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
_________________________________________________________________

______________                            ____________________________________
  (қолы)                                                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

хат жіберу