Блог статистикасы
195
Жазбалар
3447
Өтініштер
146887
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)

Новости Мендыкаринского района

Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Ата заңым –Айбыным!

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін меңдіқаралықтар да жақсы көңіл-күймен ерекше атап өтті.

Ата Заң мәртебесін ұлықтауға арналған шаралар легі орталық алаңда бастау алды. Әрбір ауылдық округтен келген шаруа қожалықтары ауылшаруашылық өнімдерін арзан бағада саудалады. Бұл жерде сүт өнімдерімен қоса құс еті, балық, көкөністерде саудаға шығарылды.

Ал, дәстүрге айналған «Меңдіқара сыйлары – 2018» көрме-конкусына қатысқан мекеме-ұжым қызметкерлерінің даярлаған көрмелері көптің көңілінен шығып, әділқазылар алқасын да таңқалдырмай қоймады. Орталық кітапхана жүйесі өз оқырмандарына тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырса, дәл осы күні аудандық Өнер мектебі балалар қылқаламының жетістіктерімен бөлісті. Орталықта жаңадан бой көтерген волейбол және баскетбол алаңдарында ойынның көргін келтірген спортшыларымыз бақ сынасты.

Сахна төрінен барша Меңдіқара тұрғындары мен аудан қонақтарын Ата Заң мерекесімен құттықтап, жүрекжарды ыстық ықыласын білдірген аудан әкімі Е.О. Теменов ауданымыздың даму жолына өз үлестерін қосып жүрген бір топ қызметкерлерге Алғыс хатын табыс етті. Айтулы мерекенің айшықты сәтінде аудан әкімі Е.О.Теменов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Қ.Арықов сахна төрінен Н.А. Тимотин, П.Л.Лебедев, Қ.Х.Жақыпқа «Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

«Жомарт жүрек» бағдарламасының аясында ауданымыздың даму және гүлдену жолына үлес қосқан азаматтарға грамота табыс етілді. Бұл күнде грамотаға ие болған «Егін» ЖШС директоры Марат Жұмасұлтанұлы Молдашев, ЖК Нургазин Нурлан Есенұлы және т.б

Ата Заң күні құрметіне орай мемлекеттік қызметке енді қадам басқан жастар үлкен сахна төрінен салтанатты түрде ант қабылдады.

Мерекелік концертте облыс орталығынан арнайы келген жас талант Малика Мухтарова және жергілікті өнер иелері әннен шашу шашты.

Дәл осы күні аудандық Мәдениет үйінің сахна төрінде «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында VI-шы аймақтық «Меңдіқара достарын қарсы алады» атты ретрофестиваль нағыз өнер майталмандарының басын қосты. Екі турдан өткен байқауға ҚР Мәдениет қызметкері, сазгер Б.Сәуекенов, өнер жанашырлары М.Нұрмұхамбетов, И. Егоркина төрелік етті.

Өнер десе ішкен асын жерге қояр жандар үшін шешіуші сәттің маңызы зор болды. Дегенменен әділ шешім қабылдаған қазылар алқасы 3 орынға Ұзынкөл ауданынан келген Қабидолла және Елена Абжатовтар жанұялық дуэтін лайық деп таныды. Ал, намысты қолдан бермеген Меңдіқаралық өнерпаз Достияр Қайдаров 2 орынды иемденсе, 1 орынды Амангелді ауданынан келген әнші Олжас Махмұтов жеңіп алды. Байқаудың Гран-при иегері Сарыкөл ауданынан келген Дамир Сағаловтың қанжығасына бұйырды. Жеңімпаздарға грамота мен қаржылай сый табыс етілді.

«Меңдіқара сыйлары – 2018» көрме-конкусының қорытындысы бойынша «Маринадталған көкөніс» - 1 орын Боровской кәсіби – техникалық колледжі, 2 орын «Жас Әлем» бөбекжай балабақшасы, 3 орын Ғ.Жұмабаев атындағы БОМ. «Жыл өнімі» 1 орын Облыстық санаторлық мектеп-интернаты, 2 орын Ғ.Жұмабаев атындағы БОМ, 3 орын аудандық Білім беру бөлімі. «Үздік гүл композициясы» 1 орын А.Шотаев атындағы БОМ, 2 орын Облыстық санаторлық мектеп-интернаты, 3 орын «Балауса» бөбекжай балабақшасы. «Меңдіқара кереметтері» 1 орын М.Қарабаев атындағы туберкулезге қарсы шипажайы, 2 орын Боровской селосы әкімдігінің аппараты, 3 орын Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы. «Таңғажайып жеміс» номинациясының арнайы сыйы Первомай орта мектебіне табыс етілді.

хат жіберу