Блог статистикасы
195
Жазбалар
4723
Өтініштер
183093
Келушілер
Облыстық Басқармалар
(жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын)
Областные управления и департаменты
(финансируемые из республиканского бюджета)
  • Новости Мендыкаринского района

Ұлттық құндылықтар дәріптелген күн

Ұлттық құндылықтар дәріптелген күн

Тілдер күніне орай дәстүрге айналған «Таза бұлақ» аудандық фестивалі биылғы жылы да кең көлемде ұйымдастырылды

Ауданымыздың білім ошақтарының ұжымдарының қатысуымен әр ұлт өкілінің ұлттық тұрмыс-тілшілігі мен тағамдарынан келушілерге көрме ұсынылып, сахнада салт-дәстүрдің түрлері насихатталып, ән мен биден шашу шашылды. 


Қатысушылардың дайындығы мен өнерін «Нұр Отан» партиясының Меңдіқара аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Укина бастаған әділқазылар алқасы бағалады. Көрме барысында ұлттар достастығы мен тіл мерекесі турасында әр тілде әндер шырқалып, өлеңдер оқылды. Сондай-ақ, мереке барысында халыққа ұлттық тағамдардың құрамы мен жасалу тәсілдері таныстырылып жатты. Фестиваль қатысушыларының ішінен облыстық санаторлық мектеп интернатының ұсынған корей халықтарының көрмесі көрерменге ерекше әсер қалдырды. Бұл жерде корей елінде жасалатын ұялы телефон үлгілері мен балаларға арналған ұлттық ойыншықтың түрлері, валюта мен сол елде жарық көрген жорнал да көптің назарынан тыс қалмады.


Орыс халықтарының ұлттық тағамдарымен таныстырған А.Шотаев атындағы мектеп интернаты, неміс ұлтының асханасын ұсынған аудандық орталық аурухана ұжымының жақсы дайындықтары байқалды.


Тілдер мерекесіне бір кісідей жұмыла ат салысқан ұжымдар фестиваль соңынан марапатталып жеңімпаздар анықталды. Үшінші орынды Первомай орта мектебі иемденсе, екінші орынды А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-интернаты жеңіп алды. Ал, жүлделі бірінші орынды Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-интернаты мен Облыстық санаторық мектеп – интернаты тең бөлісті.


Қымбат НАҒАШЫБАЙ

Суретті түсірген автор


хат жіберу